Тұрғындар отқа оранған Almaty Towers-тен қалай қашып шыққандарын айтып берді

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 21:35

Алапат өрт 6 адамның өмірін жалмады. Отқа оранған «Алматы тауерс» бизнес орталығының материалдық шығындары әлі есептеліп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

80-chelovek-evakuirovano-iz-za-pozhara-v-almaty-tauers_731
Тілсіз жау аз уақыт ішінде 1800 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен төтенше жағдай қызметі тілсіз жаудың одан әрі өршіп кетуіне жол берген жоқ. Бірақ өрттің неден шыққаны белгісіз.

«Алматы тауерс» бизнес орталығы кеше кешқұрым отқа оранды. Басты қос мұнарасы аман. Тек соған жапсарласа салынған қосалқы ғимараттың шатыры қызыл жалынның құрсауында қалды. Ал жалын тұтанар сәтте ғимараттың жоғарғы қабатындағы кинотеатрда сеанс басталғалы жатқан екен.

– “Біз негізі ойладық әзіл деп. Бір 15-20 минуттан кейін өзіміз иіс сездік, жанған иіс. Содан кейін өзіміз қашып  шықтық”, – дейді оқиға куәгері Қайырхан Имаш.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минутта жеткен. Соның өзінде жалын 1800 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген. Ал оны өшіруге 150 өрт сөндіруші мен 34 техника жұмылдырылды. Одан бөлек, Ұлттық гвардия мен қалалық ІІД өкілдері де атсалысты.

-Кинотеатр мен мейрамханалар орналасқан 6-қабаттың қазір қара күйе қаңқасы ғана қалған. Құтқарушылар ғимараттан 80 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Дегенмен 62-жылғы дәнекерлеуші болып істейтін ер адам қаза тапты. Өрт шыққан сәтте ол сол жерде жұмыс істеп жатқан екен.

Өрттің тұтануының бір себебі осы болуы мүмкін. Құтқарушылар бүгін таңертең тағы 5 адамның мәйітін қирандының астынан аршып алды. Ал полиция кім екендерін анықтап жатыр.

– “Қазіргі таңда осы адамдардың өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды”, – дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал бизнес орталығының қазіргі қалпы адам көргісіз. Өртенген шатырдың тек бір бұрышы ғана аман қалыпты. Тағы бір тұсы жоғарғы температураға шыдамай, ішіне қарай опырылып тұр. Әйнектері түгел қираған. Ішкі бөлігінің де сау-тамтығы қалмапты. Темір қаңқадан басқаның бәрі күлге айналған. Осы жерде жұмыс істеген марқұмдардың жатқан орындары да жиналмаған күйі тұр. Бірақ қаза тапқандардың отбасыларына материалдық шығынын өтеу мемлекет емес, жеке компания компанияға жүктелді.

Өрттің шығуына себепші болғандарды анықтау үшін осы оқыс оқиғаға қатысы бар дегендердің бәрі тергелетін болады. Және бір айта кетерлігі, осында орналасқан Қазақстан қор биржасы да төтенше жағдайдан соң уақытша басқа ғимаратқа ауысты.

Almaty Towers ғимаратындағы өрттен кейін ондағы өрт қауіпсіздігінің сақталмауына байланысты іс қозғалған. Ал қызыл жалын ғимаратты жексенбі күні 18:00-ден бастап шарпыған.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігіт темекінің зиянын дәлелдеді (видео)

Германияда ең сенімді автокөліктердің тізімі жарияланды

Қайыр сұрап күн кешкен шымкенттік қария қарттар үйіне орналасуды армандап жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар