Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Almaty Towers-те шыққан өрттен қаза тапқандардың саны алты адамға жетті

Бұдан бұрын бес адамның қаза тапқаны хабарланған еді: бір дәнекерлеуші және төрт жұмысшы. Аlmаty Towers бизнес орталығында шыққан өрт кезінде қаза тапқандардың саны алты адамға дейін жетті деп хабарлады ТЖ бойынша қалалық департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова дүйсенбі күні.

962934

Болжам бойынша олар монтаж жұмыстарын жасап жатқан жұмысшылар.

Almaty Towers ғимаратындағы өрттен кейін ондағы өрт қауіпсіздігінің сақталмауына байланысты іс қозғалған. Ал қызыл жалын ғимаратты жексенбі күні 18:00-ден бастап шарпыған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қабатты мұнараға таяу орналасқан алты қабатты ғимараттың шатыры өртенген. Сағат 20:36-де сөндірілген жалынның жалпы қамтыған аумағы 1800 шаршы метр. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал өрт кесірінен өрт шыққан қабатта орналасқан қазақстандық қор биржасы (KASE), дүйсенбі күні сауда және ақпараттық жүйені басқаруға арналған қосымша орталықты іске қоспақ.

Оқи отырыңыз:

Есікте зорланған қыз өзіне төніп жатқан қауіпті айтып желі арқылы мұңын шақты

Өскеменде мектеп оқушысы өзінен үлкен қызды зорлап тастамақшы болған

Атырауда ер жігіттің жағасынан алған бойжеткен оңбай таяқ жеді (видео)

Әріптестері Мейрамбек Беспаевты қырық жасқа толған туған күнімен құттықтауда (фото, видео)

Талқылау