Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Компьютердегі жұмысыңызды жеңілдететін пернетақтадағы 7 әдіс

Компьютер пайдаланушылардың барлығы оны керемет меңгергенмін деп ойлайды. Ал олар шын мәнінде қателесуі мүмкін.

1

 

Бізде көптеген адамдар базалық, негізгі пернетақтадағы қысқартулардың өзін біле бермейді. Көбісінің ctrl+c пен ctrl+v батырмасынан әрі аспай жататыны да шындық.

Сондықтан назарларыңызға пернетақта бетіндегі біраз құпияны ұсынсақ дейміз. Олар сіздің алтын уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

1. Егер сізге кету керек болса, компьютерді қалай бұғаттауға болады?

Ешкімде өзге адамдардың өзінің жеке хаттарын оқып қоюын, немесе ыңғайсыздық тудыратын парақшаларын көріп қоюды қаламайды. Егер сіз шәй ішуге кеткен кезде, біреу келіп компьютеріңізді иеленіп алса, бұл нәрсе де аса жағымды дүние емес.

Бұл жылдам батырмалар байланысы сіздің компьютеріңізді шапшаң бұғаттап тастайды. Ал сіз емін-еркін үзіліске бара аласыз:

Windows-ге арналған нұсқа: “Пуск” батырмасы + L.
Mac-ке арналған нұсқа: Cmd + Alt + Eject.

2

2. Байқамай жабылып кеткен қосымша бетті қалай тез ашуға болады?

Өкінішке орай, мұндай жағдай жиі болады. Браузердегі терезені жабамын деп, артықтарын да өшіріп алып жатамыз. Оны парақша тарихынан іздеп отырғанша, мына “түзеткіш” операцияны орындай салған тиімді:

Windows-ге арналған нұсқа: Ctrl + Shift + T.
Mac-ке арналған нұсқа: Command + Z (Safari) және Ctrl + Shift + T (Google Chrome үшін).

3. Егер компьютер “қатып” қалса не істеу керек?

Кейде Photoshop немесе басқа да қосымшалар көмегін пайдаланып жатқан кезде, компьютер жиі “қатып” қалады. Әдетте пайдаланушылар мұндай кезде Ctrl + Alt + Del батырмаларын басып, қайта жүктеп жатады. Бірақ бұл тығырықтан шығар ыңғайлы жол емес. Одан да мына операцияны пайдаланып көріңіз:

Windows-ге арналған нұсқа: Ctrl + Shift + Esc.
Mac-ке арналған нұсқа: Cmd + Option + Shift + Esc.

Бұл батырмаларды 3 секунд басып ұстап тұрсаңыз, “қатқан” бағдарламалар жабылып, ал сіз әрі қарай жұмыс істей бересіз және құжаттардағы өзгерістерді жоғалтпайсыз.

Ал бұл сурет “Мактағы” батырмалар қалай аталатынын білмейтіндер үшін:

3

4. Терезелерді ашу кезіндегі қулықтарды қалай жасауға болады?

Бір терезеден екіншіге ауысу үшін әлі тышқанды қолдану ескілікті білдіреді. Мынау батырмалар сізге әлдеқайда жеделдік алып келер еді:

Windows-ге арналған нұсқа: Alt+Tab.
Mac-ке арналған нұсқа: Cmd + Tab.

5. Парақша мекен-жайын тез сақтау үшін?

Тәжірибе көрсетіп бергендей, бұл батырмалар үйлесімділігі сіздің миллиондаған минуттарыңызды үнемдеп береді:

Windows-ге арналған нұсқа: Alt + D.
Mac-ке арналған нұсқа: Cmd + L.

4
6. Егер ту сыртыңыздан біреу тығылып қарап тұрса?

Кейде жұмыста жалқаулыққа салынатын сәттер болады. Қалайша жұмыс істеп отырған түр жасауға болады? Бұл шорткаттар браузер терезесін жылдам жойып, Word немесе Excel экранынан өте тез қайта оралады:

Windows-ге арналған нұсқа: Windows + D.
Mac-ке арналған нұсқа: Fn + F11.

7. Бүкіл экранды қамтып емес, тек керекті бөлікті қалай скриншот жасауға болады?

Windows қолданушыларының бәрі “Print Screen” батырмасын басып, скриншот жасап алып жатады. Ал экранда тым ауқымды көрініс, ал сізге соның кішкене бөлігі ғана керек болатын кездер болады. Бұл батырмалар байланысы сізге тек керекті аумақты ғана сурет етіп жасап алуға мүмкіндік сыйлайды:

Windows-ге арналған нұсқа: Alt + Print Screen.
Mac-ке арналған нұсқа: Cmd + Shift + 3 (скриншот файлға орналасады), Ctrl + Shift + Ctrl + 3 (экран кескіні айырбастау буферіне барып түседі), Ctrl + Shift + 4 (Экранның тек қажетті бөлігі ғана файлға түседі), Ctrl + Shift + Ctrl + 4 (керекті бөлік айырбастау буферіне орналасады).

Бұл кеңестер сіздерге ұнады деп ойлаймыз. Мұны басқа да достарыңызға көрсетіп, жұмыс істеу процесін жеңілдетіңіздер.

 

Талқылау