Министр: Ұстаздар мен тәрбиешілерге жалақы төлеу жүйесі өзгереді

Сәрсенбі, 31 Мамыр , 2017 19:17

Ұстаздар, тәрбиешілердің, сонымен қатар техникалық персоналдың еңбекақысын төлеу жүйесіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

ustazdyn-zholy_1

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Халықпен өткен есептік кездесуде балабақша меңгерушісі Айсұлу Шаймерденова Ерлан Сағадиевке тәрбиешілердің еңбекақысы аз екенін айтып, министрден жалақыны өсіру көзделген бе деп сұрады.

“Балабақша тәрбиешілері мен көмекшілерінің базалық жалақысын өсіру көзделген бе? Бүгінгі күні еңбек жолын жаңа бастаған тәрбиешінің жалақысы 40 мың теңге шамасында. Ал тәрбиешінің көмекшісі 30 мың теңге алады”, — деді Көкшетау қаласы “Арман” балабақшасының меңгерушісі.  Өз кезегінде министр еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

“Жақсы сұрақ. Педагогикалық стандарт аясында біз еңбекақы төлеу жүйесін өзгертуге тырысып жатырмыз. Тәрбиешілер, мұғалімдер, меңгерушілер, сынып жетекшілері – барлық педагогтарға еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту үшін барлық өзгерістерді бір пакет нормативтік құжаттарға енгізбекшіміз. Мектеп, колледж директорлары бізден еңбекақы төлеу жүйесін өзгертуді сұрап отыр”, — деді ол.  Кездесуге келген үш баланың анасы да жалақы мәселесін көтерді.

“Мектепте техникалық қызметші болып жұмыс істеймін. Қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан бала-шағаға көңіл бөле алмай жатамыз. Техперсоналдың жалақысын көтеруге қалай қарайсыз? Министрлердің, депутаттардың жалақысы көтеріліп жатқанда, неге біздің айлығымыз аз. Шынын айтқанда, 30-40 мыңға біз күн көре алмаймыз”, — деді әйел кісі.

“Өте маңызды сұрақ. Қазір еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту бойынша жобамыз бар. Жазда ол талқылауға түседі. Сонда техперсонал, қосымша музыкадан сабақ беретін, сосын колледж, дене шынықтыру мұғалімдері бар — бәрі қамтылады. Бәрін ретке келтіріп, шешуге тырысатын боламыз”, — деп жауап берді Сағадиев.

Тағы да оқыңыз

Министр балабақшаға кезекке тұру тәртібін түсіндірді

Білім министрі ҰБТ-дан қазақ тілі неліктен алынып тасталғанын түсіндірді

Астанадағы Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ұстаз .бұйрық жоқ əлі

  • Anonymous says:

    Кутемиз ла

  • Anonymous says:

    Әрине,ай сайын 1млн жалақы алатын халық қалаулылары қарапайым халық айына әупірімдеп табатын 30 мың теңге жалақысын 1 түскі асқа жұмсаса керек…

    • Anonymous says:

      Когда тебе хорошо не забывай когда тебе очень плохо, хочу сказать что не когда не забывайте о простом народе и Аллах о вашем благом поступке не когда не забудет.

    • Anonymous says:

      Дурыс болар еди

  • Anonymous says:

    Бәрін істейміз деп. Артынан ұмытып кетеді

    • Anonymous says:

      Қашан нақты орындалғанша етеміз бүйтеміз қараймыз деген сөздеріне сену қиын

    • Anonymous says:

      Солай дейсиз. Главное, чтобы все не осталось на словах. Нам все обещают и обещают, а мы все ждем и ждем шукир деп.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар