Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді

Ұлттық пантеон құжат бойынша қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер, ғылым және өзге де салаларда еңбек сіңірген тұлғалар жерленетін орын.

c6132505-8a33-4014-ad07-585d46a51f5a

Пантеон аймағында мемориалды ғимарат, «Еске алу қабырғасы» монументі қойылған еске алу мұражайы, әкімшілік, шаруашылық және қосымша ғимараттары бар, деп жазады zakon.kz.

Пантеонды Астана қаласының жергілікті атқару органдары басқарады. Қайтыс болған адамды жерлеу рәсімін оның жұбайының немесе заңды өкілінің өтінішімен жергілікті атқарушы органдары атқарады.

Пантеон аймағында мына тұлғалар жерленеді:

– Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері;

– Қазақстанның премьер-министрлері мен оның орынбасарлары, парламент палатасының төрағалары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, президент әкімшілігі басшылары, конституциялық кеңес, Ұлттық банк пен Жоғарғы сот төрағалары;

– министрлер, президентке тікелей бағынатын мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімдері, республикалық маңызға ие қала әкімдері, астана әкімдері;

– «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленгендер;

– «Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлері;

Қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

Тағы да оқыңыз:

Министр балабақшаға кезекке тұру тәртібін түсіндірді

Білім министрі ҰБТ-дан қазақ тілі неліктен алынып тасталғанын түсіндірді

Жамбыл облысының тұрғыны науқас қызының емі үшін көрпе тігіп сатады (фото)

Талқылау