Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр балабақшаға кезекке тұру тәртібін түсіндірді

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүлдіршіндерді балабақшаға тіркеу тәртібі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

????????????????????????????????????

Министр есепті кездесуде үш жылда Қазақсандағы жеткіншектер балабақшамен толықтай қамтылатынын мәлім етті.

“Мақсатымыз – үш жыл ішінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларға толығымен мектепке дейінгі білім беру. Олар мектепке дайын болып баруы керек. Бұған дейін 85 пайыз бала балабақшаға орналастырылды. Енді үш жыл ішінде 100 пайыз толығымен қамтуды қолға алдық”, – дейді министр.

“Балаларды кезекке тұрғызу мәселесін реттеу керек. Қазір балабақшаға электронды түрде кезекке тұрады. Ал, орындарды үлестіру қолма-қол түрде орындалады. Біз бұл кезектердің барлығын «Азаматтарға арналған үкіметте» біріктіріп, автоматтандыру шешімін жасадық. Яғни, ата-аналар тіркеуге тұрады, содан кейін мемлекеттік немесе жекеменшік балабақшаға жолдама алады. Егер де ұнаса, сонда қалады және кезектен шығады, осы орайда олардың соңынан «Балапан» қаржысы автоматты түрде аударылады»,-деп түсіндірді Сағадиев.

Тағы да оқыңыз:

Білім министрі ҰБТ-дан қазақ тілі неліктен алынып тасталғанын түсіндірді

Жамбыл облысының тұрғыны науқас қызының емі үшін көрпе тігіп сатады (фото)

Атырауда анасын қорғамақ болған 9 жасар баланы әкесі аяусыз ұрып тастады

Талқылау