Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының тұрғыны науқас қызының емі үшін көрпе тігіп сатады (фото)

Жамбыл облысының тұрғыны қатерлі дертке шалдыққан екі жасар қызының еміне байланысты көмек сұрады.

18740026_1343215739048597_1856566568818916065_n

«Кеш жарық! Кеше Нұргүл есімді келіншек менің желідегі парақшама жазып, өзінің көрпелерін жарнамалап беруімді өтінді. Ол ай сайын тапқан ақшасына науқас қызын Алматыға апарып емдетеді екен. Өзі қаладан 250 шақырым қашықтықта тұрады. Бастысы, қызы оңалып келеді. Сондықтан оған қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Қол қусырып қарап отырмай, әрекет ететін адамдарды бағалаймын. Рамазан айында сіздерден Раянаның анасына көрпеге тапсырыс беріп, Халық банк карточкасына тым болмағанда 500-1000 теңге көлемінде ақша аударуыңызды өтінем. Мен науқас қыздың жағдайы туралы бұдан кейін де жариялап отыратын болам», – деп жазады Әсел Жалеш есімді желі қолданушысы.

18765718_1343216982381806_5880302371979283963_n

«Қайырлы күн. Қазір екі айлық баламен үйде отырмын. Раяна 2 жас 9 айға толды. 2015 жылы ақпан айында ауырып, нейробластом диагнозы қойылды. Бұл ішкі құрылысының қатерлі ісігі. Химиятерапияның 6 блогын алдым. 2 рет ота жасады. Қазір дәрігердің қарауында. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Өтеген ауылында тұрамыз. Бұл Алматыдан 250 шақырым қашықтықта.

18767397_1343216979048473_980919580170084957_n

Ай сайын қызыммен ақылы түрле тексерілуге барам. Қордайда арнайы лаборатория жоқ. Одан бөлек 9 және 4 жастағы қызым, 2 айлық балам бар. Күйеуім балаларға қарайтын адам керек болған соң жұмысынан шығып қалды. Ал, құрылыс жұмыстарына тапсырыс болып жатса, жұмысқа кетеді.

 

18813264_1343216882381816_4880853211002522878_n

Қызымның ай сайынғы тексерісі 60 мың теңге. Өзіміз баспана жалдап тұрамыз. Әрі бері таксимен жүреміз. Мен ақша жинамаймын. Тор көрпе тігіп сатам. Алайда көмек қолын созам деушілер болса, менің банк картамның нөмірі мынадай: 4390878208397520. Қызымның жағдайы оңалып келеді. Жақын уақытта қиындық та артта қалады деп сенеміз. Менің Инстгармадағы парақшам @helprayana. Телефон нөмірім +7 702 348 8069», – деп жазылған хатта.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда анасын қорғамақ болған 9 жасар баланы әкесі аяусыз ұрып тастады

Астана тұрғындары оқушылардың мәйітханаға экскурсияға барғанын естіп шошыды

Атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы мүйізі қарағайдай палуандарды жеңіп кетті

Талқылау