Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғындары оқушылардың мәйітханаға экскурсияға барғанын естіп шошыды

Facebook желісіндегі елордалық топтардың бірінде №62 мектептің оныншы сынып оқушылары мәйітханаға ақылы экскурсияға барғандығы туралы жазылып, суреттері жариялады.

11730139

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Суреттерді әлеуметтік желіде жариялаған қолданушы балалардың мұндай жерге не үшін барғанын сұрап, аң-таң. Желідегі өзге жұрт та әйелдің пікірімен келісті.

Оқу ісі бойынша мектеп директорының орынбасары Алмагүл Жанайдарова айтып бергендей, оқушылар мәйітханаға емес, медициналық академияның анатомиялық музейіне барыпты. Академия мектеп жанында болғандықтан, мұндай экскурсиялар жылма-жыл өткізіліп тұрады екен.

“Бұл медакадемия жанындағы анатомиялық музей. Медакадемия мектебіміздің дәл жанында. 10-сыныпта жыл сайын бейінді пәндер — математика, химия, биология, география және физика бойынша жазғы мектеп өткізіледі. Кестеде биология сабағы тұрғанда, біз оны әдеттегідей өткізбейміз — өйткені бұл жазғы мектеп қой, яғни сабақ экскурсия түрінде, пәнді тереңдетіп оқып, қосымша ақпарат алу мақсатында өтеді. Сондықтан жыл сайын медакадемияға барамыз, себебі меткептің қасында, бірақ олар бізді ғана емес өзге мектептерді де қабылдайды”, — деп түсіндірді Жанайдарова.

“Өте қызық экскурсия, оны профессорлардың өздері жүргізеді. Бұл жылма-жыл болатын іс-шара, мәйітхана емес. Балалар өздері қызыққан, ерекше нәрселерді суретке түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскісі келеді. Мәселен, музейдің жанын түскен суретін бұлай жарияламас еді”, — деп атап өтті мұғалім. Мектеп директоры орынбасарының айтуынша, келесі жылы мектепте медициналық сыныптар ашылып, медуниверситет оқытушылары сабақ жүргізетін болады.

Тағы да оқыңыз:

Жүрегі ауыстырылған қазақстандық азамат трансплант-ойындарының жүлдегері атанды

Атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы мүйізі қарағайдай палуандарды жеңіп кетті

Синоптиктер “Мәскеу дауылының” Қазақстанға келе жатқаны туралы мәліметті жоққа шығарды

Талқылау