Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда анасын қорғамақ болған 9 жасар баланы әкесі аяусыз ұрып тастады

Ер адам отбасындағы жанжал кезінде әйелі мен тоғыз жасар баласын соққыға жыққан, деп жазады өңірлік “Мой город” басылымы.

2225668

Махамбет ауылында тұратын әйел ұлымен бірге облыстық ауруханаға келген, екеуі де әртүрлі дене жарақатын алыпты.

“Жақында облыстық ауруханаға Махамбет ауылының 32 жастағы тұрғыны келді, дене жарақатын алған екен. Ол дәрігерге қаратуға тоғыз жасар ұлын да ертіп келіпті. Кейінірек анықталғандай, отағасы тұрмыстық жанжал кезінде әйеліне қол көтерген. Сол сәтте анасын қорғауға ұмтылған бала да соққының астында қалған екен”, — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі басылымға.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан соң, 36 жастағы ер адам жауапқа тартылады.

Тағы да оқыңыз:

Астана тұрғындары оқушылардың мәйітханаға экскурсияға барғанын естіп шошыды

Жүрегі ауыстырылған қазақстандық азамат трансплант-ойындарының жүлдегері атанды

Атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы мүйізі қарағайдай палуандарды жеңіп кетті

Талқылау