Атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы мүйізі қарағайдай палуандарды жеңіп кетті

Сәрсенбі, 31 Мамыр , 2017 15:00

Шын балуандар аламаны Алматы Барысында төрешілерді ұруға жол жоқ. Бірақ, сайыс шеңберінде өзіңнен үлкендерді алып ұрсаң қаһармансың. Биылғы Алматы барысының бас жүлдесін Руслан Әбдіразақта бұйырды. Дегенмен жанкүйерлер атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлының күресіне тәнті болды.

даулет турлыхановтын улы

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дүберлеп өткен «Алматы барысына» аланың әр ауданынан 3 балуаннан, яғни барлығы 24 үміткер қатысты. Кемі 90 келілік палуандар ішінен 1998 жылы туған Ерасыл Болат біраз ағаларын ширек финалға дейін атып ұрып жұртты сүйсіндірді. Жарақатына байланысты жарыстан шығып қалған ол атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін жасырып, ешкімге сұхбат да бермеді.

Алатау аудананының палуаны Әлімжан  Жұмахметов пен ақтық сынға шығу үшін тартыста Дәурен Нұралинов ұтты. Өткен жылғы чемпион Виктор Демьяненко Русланға Әбдіразаққа есе жіберді. 24 палуанның ішінен қара үзіп шыққан осы төрттік.

«Кемшілік қатты көп жібере қойған жоқпын деп ойлаймын. Өйткені захваттарға көп күрестім. Өзімнің әдістерім қолынан алып шалу жақсы шықты. Кішкене қобалжып жатырмыз. Күш атасын танымайды дейді, барын саламыз», – дейді «Алматы барысы 2017» күміс жүлдегері Дәурен Нұралинов.

Ақтық бәсекеде Наурызбай ауданының палуаны Руслан Әбдіразақов пен Бостандық ауданының намысын қорғаған Дәурен Нұралинов кездесті. Басында босаңдық танытқан Руслан, белдесу аяғында Дәуренге тізгінді бермей, жеңісті уысында ұстап қалды.
«Виктор бауырымыз, Былтырғы Алматы барысы, сол бауырымызбен қиындау болды. Соңына дейін күрестім, аздап шыршаңқырап қалдым. Басында босап шыққандықтан. Дәуренге есе жіберіп қойдым деген оймен, кейін тез жиналып есемді қайтардым. Таза жеңіспе жеңдім рақмет», – дейді «Алматы барысы 2017» жеңімпазы Руслан Әбдіразақ.

Өткен жылғы чемпион Виктор Демьяненко қоланы олжалап, 100 000 теңгені қанжығаға байлады.Үшінші орын үшін таласта ол Әлімжан Жұмахметовтен айласын асырды. Бас жүлдеге көлік пен күміс иесіне де ақшалай сыйлық. Экспо қарсыңындағы «Қазақстан барысы» мен «Әлем барысы» турнирлері туристер таңқалатын шын спорт жәрмеңкесі болады дейді федерация өкілдері.

«Шет елден келген қонақтарды, себебі қазақ күресі біздің ұлттық құндылығымыз. Әдемі күрес, ұялмай көрсететін күрес. Сондықтан жылдан жылға біздің палууандардың шынығуы да нығайып бара жатыр», – дейді «Қазақ күресі» федерациясының президенті Арман Шораев.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді

Бибігүл Төлегенова: Қайрат әнші емес, кімге керек ол? (видео)

Әлемдегі ең қымбат спортшы қажылыққа барды (видео)

Роналду жарнама үшін атқа отырып, арабша сөйледі (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар