Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі ҰБТ-дан қазақ тілі неліктен алынып тасталғанын түсіндірді

Астанада халықпен өтіп жатқан есепті кездесуде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық бірыңғай тестілеуден қазақ тілінің неліктен алынып тастағанын түсіндірді.

11263351

Министр, ең алдымен, бүгінде оқушылардың шамамен сексен пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуді қазақ тілінде тапсыратынын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik.

“Бұрын егер ҰБТ-да қазақ тілінен нашар баға алсаң да, әрі қарай ілгерілей бересің. Өйткені қазақ тілінен ұпай есептелмейтін. Оқушылар салмақты түрде дайындалмайтын. Сондықтан түлектеріміздің жүз пайызы қазақ тілін тапсыру үшін оны мектептерге ауыстырдық”, — деді министр.

Оның айтуынша, енді емтихан сұрақтарын мектеп емес, білім министрлігі дайындайды. “Бұл мәселеге ерекше мән береміз. Жүз пайыз балалар қазақ тілінен емтиханды дұрыстап тапсыратын болады”, — деді Сағадиев.

«Біз студенттерге жоғары білім алу үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Биыл гранттардың саны көбейеді. Яғни бакалавр дәрежесіндегі гранттар 31 мыңнан 37 мыңға дейін, магистранттарға 7 мыңнан 10 мыңға дейін, ал докторантураға 600–ден 800–ге дейін артады», – деді министр.

Тағы да оқыңыз:

Жамбыл облысының тұрғыны науқас қызының емі үшін көрпе тігіп сатады (фото)

Атырауда анасын қорғамақ болған 9 жасар баланы әкесі аяусыз ұрып тастады

Астана тұрғындары оқушылардың мәйітханаға экскурсияға барғанын естіп шошыды

Талқылау