Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мінезіміз жараспады: Луинаның азаматтық некедегі күйеуі әншімен айырылысқаны жөнінде пікір білдірді

Луинаның бұрынғы продюсері әрі азаматтық некедегі күйеуі Жомарт Мәметкәрім әншімен айырылысқаны жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Продюсер Instagram желісіндегі парақшасында әнші Луинамен ара-қатынасын үзгені жөнінде пікір білдірді. Маметкәрімнің айтуынша, ол әншімен қарым-қатынасы төңірегіндегі өсек-аяңды басу үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болыпты.

«Шындығына келегенде, мұнда күрделі ештеңе жоқ. Қазіргі уақытта айтылып жүргендей: «Мінезіміз жараспады». Әрбір жұп дәл осы тіркестің астарында өз құпиясын бұғып қалады», – деп жазды продюсер.

Сондай-ақ, ол Луинамен алғаш рет қалай кездескенін еске алды.

«7 жыл бұрын «X Factor» жобасынан кейін маған кастингке келген ұялшақ әрі жасық Луина әлі есімде. Уақыт өте келе, біздің ортақ жұмысымыздың нәтижесінде, ол мықты әрі табысты тұлғаға айналды.

Біз ұзақ уақыт бір жолмен жүрдік. Алайда белгілі бір уақытта жолымыз екіге айырылды. Мұның астарында ешқандай дау-дамай, реніш немесе қайшылық жоқ. Біз жұп ретінде айырылыстық, бірақ дос болып қала береміз. Жағдайға қарамастан, мен бұл адамға әрқашан табыс, тұлға ретінде жетістікке жетуін және… бақыт тілеймін», – деп жазды Жомарт Мәметкәрім.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Луина 6 жыл бойы азаматтық некеде тұрған продюсерімен айырылысқанын айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

10 жыл бұрынғы суретін жариялаған Төреғали Төреәлі жұрттың сынына ұшырады

Баян Алагөзова продюсер Алуа Қонаровамен арадағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі: Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтықтан болып жатқан нәрсе

Баян Мақсатқызы түсірген фильмін сынағандар жайында: Бұл күйе жағу үшін біреудің берген тапсырысы

Талқылау