10 жыл бұрынғы суретін жариялаған Төреғали Төреәлі жұрттың сынына ұшырады

Әлеуметтік желіде 10 жыл бұрын түскен суретін жариялап, естелігімен бөліскен Төреғали Төреәлі жұрттың сынына ұшырады. Желі қолданушылары әншіні “ішіп алған” деп айытады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бозбала күнінде өнердегі әріптестерімен бірге түскен суретін жариялаған Төреғалиді желі қолданушылары сынап тастады.

“10 жыл бұрынғы сурет. Кімді таныдыңыздар?” – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасынды.

Алайда желі қолданушыларының бірқатары суреттегі өнер адамдарына емес, әншінің қолындағы стақанға назар аударған сыңайлы. Дәл осы себепті әншінің желідегі оқырмандары оны мас күйінде суретке түскен деп топшылады. “Сол баяғы мас Төреғали”, “Мында ол мас”, “Төреғали ішіп алған дейсің ғой. Қолында сыра”, “Төреш тынып алған-ау”, – деп жазды желі қолданушылары.

Десе де өзгелері Ұлы дала баласын қорғаштап, оны қаралағандармен дауласып жатты. “15 жастағы бала арақ іше ме? Не болса соны жаза берме! “Іріген ауыздан шіріген сөз шығады” деп атам қазақ тегін айтпаған”, “Мақтанса, мақтануға тұрарлық жігіт. Арақ ішті дейтіндей, өздерің құйып бердіңдер ме?” – деп қорғаштады әншінің тыңдармандары.

Сондай-ақ, желі қолданушылары суреттегі Төреғали Төреәлі мен актер Аманғали Сыпабековты бір-біріне ұқсатып жатты.

Оқи отырыңыз:

Баян Алагөзова продюсер Алуа Қонаровамен арадағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі: Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтықтан болып жатқан нәрсе

Баян Мақсатқызы түсірген фильмін сынағандар жайында: Бұл күйе жағу үшін біреудің берген тапсырысы

Баян Есентаева өмірін өзгерткен оқиғаға қатысты: Бұл құдайдың істеп жүргеніңді тоқтат деп жіберген ескертуі секілді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар