Баян Есентаева өмірін өзгерткен оқиғаға қатысты: Бұл құдайдың істеп жүргеніңді тоқтат деп жіберген ескертуі секілді

Баян Мақсатқызы өмірін өзгерткен оқиға мен шығармашылығы жөнінде айтып берді.

Продюсер Gakku FM радиосына сұхбат берді.

«Мен ешкіммен бәсекелеспеймін. Өзгенің дүниесі менікінен сәтті шыға берсін. Мен ол үшін уайымдамаймын. Бұл шындық. Шоу бизнесте ешкіммен араласпаймын», – дейді ол.

Баян Алагөзова жаңа тегіне үйренісе алмай жүргенін де айтты.

«Шынымды айтсам, жаңа тегіме бойым үйренбей жатыр. Есентаева тегі менімен біре өсті. Бұл фамилияны жек көрмеймін. Керісінше соған әбден үйреніп қалыппын. Бірақ уақыт кете Алагөзоваға да етім үйренетін шығар деп ойлаймын», – деді продюсер.

Продюсер «Тойларыңыз бола ма?»деген тілші сұрағына да жауап бере кетті.

«Тойымызды ешкімге айтпай тыныш қана жасағанбыз. Ал, Тұрсын той болады деп жай ғана қалжыңдаған. Қазіргі күйеуім осылайша тосын жайттарды жасап жүреді. Ресми түрде 7 желтоқсанда заңды некелестік», – дейді ол.

«Бастапқыда сен танымал боласын. Дайын бол дегенде сенбеген. Кейін таңғалды. Бірақ оған танымал болған ұнайды. Ода өзін жақсы көру деген жоқ. Ол ұсқынсыз суреттерін де желіге жүктей береді», – деп күледі Баян.

Баян Алагөзова қазіргі күйеуіне қалай ғашық болғанын сөз етті.

«Ғашық болғанда миым істемей бір сәтке тоқтап қалды. Әдеттегі ақылым да, суыққандылығым да тоқтап қалды. Бұрын айтатынмын, бәрін ақылмен шешіп өмір сүрген дұрыс деп. Бірақ өмірде ондай ереже болмайды екен, – дейді продюсер.

Баян Есентаева бірінші күйеуінен соққы алып, өмірін өзгерткен оқиғаға қатысты айтып өтті.

«Мен 24 сағат жұмысты ойлайтынмын. Бірінші орында жұмыс тұрды. Өзгені ойлауға уақытым болмады. Сол кезде құдай маған істеп жүргеніңді тоқта деп ескерту жіберген секілді. Қазір тек өзімді, отбасымды бірінші орынға қоям. Жұмыс мен үшін екінші орында», – дейді Баян.

Тағы да оқыңыз:

Мақпал Жүнісованің 20 жасындағы сұлулығын көрген жұрт қайран қалды (фото)

Қазақ әншісі: Аңдығаны қыз, ішкені арақ, сөйте тұра “Ұлтымыз азып барады” деп сұхбат береді

Кешір, ұлым: Ақын Қалқаман Сарин ұлынан айырылған журналистің атынан өлең жазып жұртты жылатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар