Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова продюсер Алуа Қонаровамен арадағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова бірнеше жыл бұрын отандық продюсер Алуа Қонаровамен жанжалдасып қалған еді. Десе де продюсер сол жылдары өзі өткізген шараға Қонарованы шақыруды ұмытпапты.

Бұл туралы продюсер  Gakku FM радиосына берген сұхбатында айтып берді.

Сұхбат барысында Тимур Балымбетов продюсер мен Алуа Қонарованың арасындағы дауға тоқталды. Ол сол жылдары Баян Алагөзова өзі өткізген шараға Қонарованы шақырғанын айтып өтіп, бұл арқылы арадағы дауды ұмытуға шақырғысы келгенін сұрады.

«Мен онымен қарым-қатынасымды бұзған жоқпын. Мен –ашық адаммын. Ештеңеге қарамастан әріптестерімді шақыруға тәрбием мен ақылым жетеді. Мен адамды алыстан-ақ сыйлауға әдеттенгенмін. Барлық қарым-қатынаста тазамын. Біздің шоу-бизнестегі ешбір адам менің оны жамандап, өсек айтқаным туралы айта алмайды.

Мен барлығын және барлығының еңбегін бағалаймын. Өсек айтумен айналыспаймын. Алуаны және оның кәсібилігін құрметтеймін. Сондықтан оны аталған шараға шақырдым», – деп жауап берді Баян Алагөзова.

Оқи отырыңыз:

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі: Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтықтан болып жатқан нәрсе

Баян Мақсатқызы түсірген фильмін сынағандар жайында: Бұл күйе жағу үшін біреудің берген тапсырысы

Баян Есентаева өмірін өзгерткен оқиғаға қатысты: Бұл құдайдың істеп жүргеніңді тоқтат деп жіберген ескертуі секілді

Мақпал Жүнісованің 20 жасындағы сұлулығын көрген жұрт қайран қалды (фото)

Талқылау