Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина алты жыл азаматтық некеде тұрған продюсерімен айырылысты

30-ға толамын, сосын тұрмысқа шығамын! Осылай деп жар салған Луина мақсатына жете алмады. Әнші алты жылға жуық уақыт азаматтық некеде тұрған сүйіктісі әрі продюсері Жомарт Сүлейменовпен айырылысқанын мәлімдеді.

Бұл туралы НТК арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Луина қазіргі таңда Ресей шоу-бизнесіне қадам басу жолында аянбай еңбек етуде. Айтуынша, соңғы жылдары қазақстандық тыңдармандарға ол хит әндер сыйлай алмаған.

“Жалпы өзімнің продюсеріме ешқашан өз қалауымды айтаалмайтынмын. Мынадай клип түсіру керек, былай жұмыс істеу керек деп. Мүмкін солай ыңғайлы болған шығар”, – дейді Луина.

Дәл осы себепті әнші продюсерімен келісім-шартты ұзартқан жоқ. Енді ол жеке әнші ретінде жұмыс істейтінін мәлімдеді.

“Ешкіммен келісім-шартқа отырмаймын. Есейген әнші ретінде өзім жұмыс істеймін. Әзірге үш әнім бар, ақырындап жаздырып, ақпан айында бейнебаян түсіремін деген ойым бар”, – деп бөлісті Луина.

Әнші продюсерімен тек іскерлік емес, жеке қарым-қатынасын да үзген. Бұл хабарды біраз уақыт бойы елден жасырып келген Луина жеке өмірі туралы ағынан жарылды.

“Екеуміз баяғыда екіге кеткенбіз. Бұл туралы бүгін бірінші рет айтып отырмын. Қайта қосылмайтынымыз анық. Мүмкін дос, мүмкін жай ғана таныс болып қаламыз”, – дейді Луина.

Айта кетейік, Луина өзін шоу-бизнеске алып келген продюсері Жомарт Сүлейменовпен 5 жылдан аса азаматтық некеде тұрды. Былтыр 30-ға қадам басқа әнші тойдың ауылы алыс емес екенін айтқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

“Алау” тобының әншісіне ер адам сезімін білдірді (видео)

Ерке Есмахан: Аяғым ауыр емес (фото)

Қақаған аязда далада қалған «Жігіттер» тобының әншісі көлік жүргізушілеріне өкпелі

Зарина Омарова анасының көрген азабы жайлы айтып, жылап қалды

Талқылау