Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге тиейін десем, адам жоқ

Меруерт Түсіпбаева жақында шаңырақ көтерген қазақ журналисі жайлы айта келе, өзінің не себепті тұрмыс құрмай жүргенін жеткізді. Әнші үшін Асқар Меңдібаевтың үйленуі үлкен жаңалық болған.

Бұ туралы Меруерт Түсіпбаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты.

Әнші журналист Асқар Меңдібаевтың бұған дейін бойдақ болғанын білмеген екен. Бұл той әнші үшін үлкен жаңалық болған. Әнші қызметтестер махаббатына деген көзқарасын айтып қалды.

“Бір қызметте жүріп үйленгендер күніге бір-бірін көріп тұрады. Барлық жағынан танып-біледі. Содан кейін ғана үйленуге бел байлайды. Сол жағынан жақсы. Мен Асқардың бойдақ екенін білмеппін. Осындай талантты азамат 42 жасқа дейін қалай жүрген? Тіпті өз жасынан жас көрінеді. Он жасқа кіші секілді. Ер азамат әйелге қарағанда жас көрінеді. Қалыңдығы Айым екеуінің арасы 5 жас қана секілді”, – дейді әнші.

Түсіпбаева өзінің не себепті тұрмысқа шықпағанын айтып өтті.

“Бізге жігіттер жетпей жатыр. Кімге тиерімізді білмейміз. Қазақар аз, сегіз қызға бір қыздан келеді. Бір рет барып көрдік, басқалары көрсін деп жүрміз”, – дейді Түсіпбаева.

Бұған дейін танымал қазақстандық тележүргізуші 42 жасында отбасын құрғанын хабарлаған едік. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау