Меруерт Түсіпбаева: Қыз ұрлағандардың бәрін түрмеге жабу керек

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек , 2017 15:18

Кезінде қыз алып қашу қалыпты нәрсе болса, бұл күндері ол үшін сотталып жатқан жігіттер баршылық. Салт-дәстүрді дұрыс білмесе керек-ті, ұнатқан аруын зорлықпен жар етіп алатындар көбейген. Мұндай жігіттерге танымал жұлдыздардың айтары бар.

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Жігіттер» квартетіндегі Айдар Тұрғанбек кезінде жарын алып қашып кеткенін мойындады. Алайда оқиға қыздың қарсылығымен емес, өз келісімімен болған көрінеді.

«Мен алып қашқам. Қызық болды, ұшақпен алып қаштым. Шымкенттен бері қарай ұшақпен келдік екеуміз. Келісіммен болды ғой», – деп еске алды Айдар.

Сол сияқты Жанболат та Жазираны алып қашқанын айтады. Ол заманда алып қашқан ыңғайлы болды деп ақталды ол.

«Шамаңа қара дейді ғой. Сондықтан алып қашқан оңай болды. ақсақалдардың, үлкен кісілердің батасын алып беташар, сосын үлкен той жасадық. Бәрі жақсы болды», – дейді Жанболат Ербатыров.

Өз кезегінде әнші Меруерт Түсіпбаева қыз алып қашуға түбегейлі қарсы екенін жеткізді. Ол, тіпті, біреудің қызын рұқсатсыз алып кеткендерді жаппай түрмеге жабу керек деп ашуланды.

«Әлеуметтік желілерде неше түрлі видеоларды көріп, сондай қатты налимын, қатты ренжимін, мені ол мәселе қатты толғандырады. Менің ойымша, қыз ұрлағандардың бәрін түрмеге жабу керек. Түрмеге жабылса, ондай тоқтайды деп ойлаймын.

Құдай сақтасын, әлеуметтік желіде неше түрлі видеоны көргенде, сол адамдармен барып айқасқым келеді. Қалай ол? Біреудің баптап өсірген кішкентай қызын алып барып, орамал жауып… Не пәле ол? Үлкен апалар ортаға жатып алады екен табалдырықта. «Аттасаң бақытсыз боласың» деп. Солай бола ма? Мен оған мүлдем қарсымын», – дейді Түсіпбаева.

Бейбіт Көшқалиев болса қыз алып қашуды «ұят нәрсеге» теңеді.

«Неше түрлі видеоларды көріп жатырмыз. Алып қашу деген ұят нәрсе. Біз қазақ кейде тым шектен шығып кетеміз. Шаш ал десе, бас алып жібереміз ғой. Бәрі орнымен болса деп тілеймін, өйткені өзіміз де қыз өсіріп келе жатырмыз. Ертең оның да үйтіп кеткенін қаламаймыз. Әдемі, ата-анасының рұқсатымен, батасын алып алайық қыздарды, ер жігіттерге айтар насихатым сол», – дейді Бейбіт.

Жіберіп алмаңыз:

Қуандық әйгілі “Болайық бірге” әнін енді Ерке Есмаханмен орындап жүр (видео)

«Халқымыздың ұлы қызы»: Алагөзовтің әкесі болашақ келіні Баянға ән арнады (видео)

Әріптестері Дәурен мен Ақботаның хикаясына қатысты пікір білдірді

Ағылшынша санап отырып, 91-дің әнін айтып кеткен Тұрсынбектің қызы желіні “жарды” (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар