Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық әйгілі “Болайық бірге” әнін енді Ерке Есмаханмен орындап жүр (видео)

Гаухар Сардарбек, Альбина Шардарова! Бұл “Болайық бірге” әнін Қуандық Рахыммен бірге орындаған арулар. Енді олардың орнын анау-мынау емес, бүгінде айы оңынан туып тұрған Ерке Есмахан басты, деп жазады Stan.kz.

Өзбек елінен алынған “Болайық бірге” әні жарыққа шыға салысымен-ақ, ел арасында кеңінен таралып кетті. Алғашқыда Гаухар Сардарбек есімді жас әншімен бірге дуэт айтқан Қуандық клип түсіруге келгенде жұбының ауысқанын хабарлады. Себебі дәстүрлі ән өнерін жаңғыртып жүрген Гаухардың ұстаздары оның эстрадаға бет бұруына қарсы болыпты. Бір қызығы, қазіргі таңда “эстрадаға шықпаймын” деген Гаухар “Музарт Life” жобасы арқылы танылған Қосқанат Көпжасармен дуэт айтып жүр. Соған қарағанда, Қуандық пен Гаухардың өнер жолында екіге бөлінуіне басқа себеп бар ұқсайды. Ол туралы кейінірек…

Жұбынан айырылып қалған Қуандық ұзақ “қайғырған жоқ”. Гитарасы арқылы танылған Альбина Шардаровамен дуэт құрды. Тіпті, клип түсіріп алды. Алайда неге екені белгісіз, бұл күндері Қуандық сол баяғы әнді Ерке Есмаханмен орындап жүр. Еркенің желідегі жазбасында қарасақ, “Болайық бірге” әні иесіз қалыпты.

“Орындаушысыз қалған “xит әнді” Қуандық бірге орындауға ұсыныс жасап, енді міне концерттерде бірге шырқап, жандырып жүрген жәйіміз бар! Халықтың ықыласы ерекше!
Менің ән-қоржыныма осындай әдемі ән енгеніне өте-мөте қуаныштымын! Раxмет саған, Дав!” – деп жазды Ерке.

Жіберіп алмаңыз:

Жәния Джуринская «оқымаған актриса» деп сынағандарға жауап берді

Жас жігіттің Ерке Есмаханға жолдаған ғашықтық хаты желіні шулатты

Лондон төрінде “Қара жорға” билеген Тәуекел Мүсілім жұртты сүйсіндірді (фото, видео)

Ағылшынша санап отырып, 91-дің әнін айтып кеткен Тұрсынбектің қызы желіні “жарды” (видео)

 

Талқылау