Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері Дәурен мен Ақботаның хикаясына қатысты пікір білдірді

Некеміз қиылды деп жар салып, артынша ұлды болып, көп ұзамай айырылысып тынған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің хикаясы жұртты дүр сілкіндірді. Көпшілік әлі күнге дейін Дәуренге балағат және қарғыс сөздерін жаудыруда.

Ақботаны да аяп жатқан жандар аз. Елдің басым бөлігі «сау басына сақина тілеп алған өзі» деген пікірде, деп жазады Stan.kz.

Бұл ретте Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сұхбат берген әріптестері Дәурен мен Ақбота, одан қалса Айқын мен Жұлдыз хикаясына қатысты өз ойларын айтты.

«Біреудің үйленіп, ажырасқаны адамның жеке өмірі. Оған да себептер болған шығар. Адамдар әр уақытта үйленіп, ажырасып жатады. Ол тек қана шоу-бизнесте болатын нәрсе емес қой. Сондықтан біреуді сынау дұрыс емес деп ойлаймын», – дейді RinGo тобының әншісі Данияр Өтеген.

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира да осындай пікірде.

«Бірақ біреуді: «Ол сүйтті, оңбаған, қалайша олай жасады?» деп айта алмаймыз. Өйткені ұрпағымыздың басында не күтіп тұрғанын білмейміз ғой. Кез келген адам шатасып кетуі мүмкін. Шатаспас үшін үлкен ағайлар мен апайлар ақыл айтуы керек шығар», – дейді Жазира Байырбекова.

«Махаббатқа қарсы тұра алмайсың ғой шын мәнінде. Енді әркімнің өміріне араласуға біздің қақымыз жоқ. Қазір неше түрлі жағдай болып жатыр жан-жағымызда. Бұрын ондай әңгімелер болған жоқ. Заң басқа болды ма, заман басқа болды ма, бірақ енді біреудің отбасына, махаббатына араласа алмаймыз», – дейді Жазираның жары Жанболат Ербатыров.

«Мен білмейді екем, қазір Instagram-ға кіріп, қарап жүрген жоқпын. Жалпы өздері біледі ғой, өздерінің отбасы», – деп пікір білдірді Нұрлан Еспанов.

Жіберіп алмаңыз:

Жас жігіттің Ерке Есмаханға жолдаған ғашықтық хаты желіні шулатты

Сиви Махмуди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды

Сиви кәсібін сақтап қалу үшін сотқа арызданған көршісіне Алматыдан пәтер алып берді (фото)

Асхат Садырбай бірінші әйелі Еркемен шығармашылық байланыста екенін айтты

Талқылау