Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды

Бүгінде отандық шоу-бизнес әлемінде “қара пиар” ұғымы кеңінен етек жайып барады. Әртіс атаулы неше түрліні ойлап тауып, өзін жарнамалаудың сан қилы тәсілдерін меңгеріп алған. Алайда кей кездері оның соңы жақсылыққа апармайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр, деп жазады Stan.kz.

Мәселен, Сиви Махмуди пиар жасап, өзіне талай рет зиян тигізіп алғанын мойындап отыр. Бұл туралы әнші НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Кейде атыма септігін емес, кесірін тигізіп жатса да пиар жасаймын, амал жоқ. Арасында ата-анаммен ақылдаспай жасайтын кездерім болады. Ата-анам ренжиді. «Сен неге үш балаң бар екенін ұмытып кетесің? Тірнектеп жинаған абыройымызды шелектеп шашасың», – деп ұрсады”, – дейді Сиви ағынан жарылып.

Әңгіме барысында Сиви өзімен қатар, әріптестерінің де құпиясын ашып қойды. Еске салсақ, көктемде Ернар Айдар жол апатына ұшыраған еді. Бұл оқиғаның қара пиарға қатысы болмағанымен, Сиви сеніп қалған. Өйткені:

«Өйткені оның алдында ағасы айтып жүрген, «Бір пиар ойластыру керек еді, аварияға түсті деп айтамыз ба?» – деген сияқты әңгімелер болған. Сондықтан пиар деп ойлағам. Негізі жақсы нәрсе айту керек дейді ғой. Сол сияқты пиар қыламыз деп шынайыға айналып кетті”, – дейді Сиви Махмуди.

Жіберіп алмаңыз:

Лондон төрінде “Қара жорға” билеген Тәуекел Мүсілім жұртты сүйсіндірді (фото, видео)

Сиви кәсібін сақтап қалу үшін сотқа арызданған көршісіне Алматыдан пәтер алып берді (фото)

Асхат Садырбай бірінші әйелі Еркемен шығармашылық байланыста екенін айтты

Қайрат Нұртастың жарын құшақтап билеген видеосы желіні шулатты (видео)

Талқылау