Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағылшынша санап отырып, 91-дің әнін айтып кеткен Тұрсынбектің қызы желіні “жарды” (видео)

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ағылшынша санап отырып, "91" санына келгенде атышулы Ninety one тобының әнін орындап, желідегілерді күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz.

Қызының қылықты видеосын желіге Тұрсынбектің жары Мөлдір Мұқанова жүктеді. Парақшасына салғаны сол еді, әріптестері видеоны репост жасады. Солардың бірі Мәдина Сәдуақасова бүлдіршіннің әкесіне ұқсап әзілқой болатынын атап өтті. "Ұқсамасаң тумағыр, құрдасымның қызы "өлтірді" мені", - деп пікір білдірген Мәдина желідегілерден бүлдіршіннің кімнің қызы екенін сұрады. Қызығы сол, оқырмандар жеткіншекті бірден таныды. Көпшілік оның әкесі Тұрсынбек Қабатовтан айнымай қалғанын жазуда.

Ал,керек болса😂

Публикация от Молдир (@moldir.mt)

Жіберіп алмаңыз: Жеңіс Ысқақова құда-құдағиының дәрігер екенін айтып мақтандыОтасқанымызға 2 жыл”: Арман Қоңырбаев Аша Матайға ерекше сыйлық жасады (фото) Әділетсіз шешім: Жұрт жекпе-жекте жеңісті Дастанға берген қазыларды сынап тастады Баян экс-қайын сіңлісі туралы: Ол өзі күйеуімен ажырасып, екінші рет тұрмысқа шығып алған
Талқылау