Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділетсіз шешім: Жұрт жекпе-жекте жеңісті Дастанға берген қазыларды сынап тастады

Осыдан екі апта бұрын Мейрамбек Бесбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған “Жұлдызды жекпе-жек” жобасы көрерменге жол тартты. Танымал әншілердің жанды дауыста ән айту мүмкіндігін бағамдайтын бағдарлама жарыққа шыға салысымен-ақ жұрттың қошеметіне ие болды, деп жазады Stan.kz.

Халық та риза, талантын мойындата білген әншілер де мәз! Алайда қалың көпшіліктің жобада қазылық етіп отырған танымалдарға айтар уәжі бар.

Өткен сенбіде жекпе-жекке қос әнші – Нұржан Керменбаев пен Дастан Оразбеков сайысқа түсті. Өнер әлемін бағындырған қос әнші үш кезеңнен тұратын жекпе-жекте барын салды. Алғашқы кезеңде әр әнші өз әнін жанды дауыста орындаса, екіншісінде қарсыласының ән қоржынына “қол сұқты”. Яғни Нұржан Дастанның, ал Дастан Нұржанның әнін шырқады. Ал үшінші кезеңде екі жігіт те жобаның бас модераторы Мейрамбек Бесбаевтың тапсырмасын орындауға міндеттелді. Бұл жолы Бесбаев қатысушыларға Батырхан Шүкеновтің әндерін орындауды тапсырды.

Өз кезегінде Нұржан Батырдың “Сағым дүние” әнін нақышына келтіре шырқап, көптің жүрегін елжіретті. Дастан Оразбеков те қалыс қалған жоқ. Ол Шүкеновтің жұлдызын жарқырата түскен “Отан ана” әнін айтып, қазылардың жоғары бағасына ие болды.

Алайда ән айту барысында Дастанның мәтіннен бірнеше рет қателескенін залдағы көрермен де, эфирді көгілдір экраннан тамашалап отырған тыңдарман да байқапты. Жұрттың пікірінше, бұл додада өзін жан-жақты көрсете білген Керменбаев жеңіске жетуі тиіс еді. Алайда 6 адамнан құралған қазылар алқасы жеңісті Дастанға беріп, көпті ашуландырып алды.

Атап өтетін жайт, бұл жолы әділдік еткен төрешілердің қатарында Ренат Гайсин, Айнұр Тұрсынбаева, Арман Дүйсенов, Асылбек Еңсепов, Айгүл Елшібаева, Ерік Тәстембеков сынды танымалдар болды. Құпия түрде дауыс берген бұл төрешілердің төртеуі жеңісті Дастанға берді. Бұл ретте Мейрамбек Бесбаев таңдау жасай алмады (жоба шарты солай, қазылар даусы тең бөлінген жағдайда ғана Мейрамбектің даусы есептеледі).

Айта кетейік, Дастан мен Нұржанның жекпе-жегін мына сілтемеге өту арқылы көре аласыздар.

Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова құда-құдағиының дәрігер екенін айтып мақтанды

Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні жайлы фильмді көргенде ағыл-тегіл жылағанын айтты

Ақсүйек және модель: Продюсері Төреғалидің жары Толқынды сипаттап берді

«Меломен» тобының əншілерін пышақтап кетті (фото)

Талқылау