Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Меломен” тобының әншісі 60-қа толған анасына дүркіретіп той жасап берді (видео)

“Меломен” тобының әншісі Ролан Қазретов анасының 60 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады. Әнші Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өнердегі әріптестерінің басын қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

"Меломен" тобының әншісі анасының 60 жасына дүркіретіп той жасады (видео)

Тойда Халық артисі Мақпал Жүнісова Роланның анасына арнап ән салды. Сондай-ақ, “Жігіттер” тобының әншілері, “Өнер қырандары” театрының әртістері, Төреғали Төреәлінің ата-анасы, тағы да басқа көптеген қонақтар Роланның қуанышына ортақтасты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)

“Мерейтойыңыз құтты болсын шаңырағымыздың киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан!

"Меломен" тобының әншісі анасының 60 жасына дүркіретіп той жасады (видео)

Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәнгі қарыздар!” – деп анасына деген ақ тілегін білдірді Ролан желідегі парақшасы арқылы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау