Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп маңында жүрген аш қабанды оқушылардың ата-аналары видеоға түсіріп алған

Гонконг мектептерінің бірінде оқушылардың ата-аналары көше бойынан үлкен қабан көрген. Олар оны балаларын мектептен алуға келген кезде көріп отыр. Қорқынышты жануар қоқыс жәшігінен тамақ іздеп, айналасындағы адамдарға назар аудармады.

Жабайы аңның жынысы белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қабан аш болғандықтан қоқыстан тамақ іздеген. Кейде олар, қалаға шығып тамақ іздеп, тіпті шару қожалығындағы дақылдарды да жеп кетеді екен. Бұл туралы Mirror басылымы жариялағанын, Stan.kz хабарлайды.

Бұл бейне Facebook желісінде жарияланғалы 300 мыңнан астам қаралған. Желіде пайдаланушылар аш жануарға зиян келтірмеуге және оның ешқандай қауіп төндірмейтінін жазған. Дегенмен, бұған сену оңай емес. Себебі бұқаралық ақпарат құралдарында адамдарға жабайы жануарлар шабуыл жасады деген хабарлар жиі келіп тұрады.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар жас жұбайлардың опасыздық жасауға бейімділігін тексеру үшін тест жасады 

Жарты бетімен туылған қыз: Мен әлемдегі ең бақытты адаммын 

Ғалымдар жалғызбасты адамдардың өмірінде бірқатар артықшылық бар екенін анықтады

50 жастағы әйел өз ұлына бала туып берді (фото) 

 

Талқылау