Медицинада серпіліс: Өлі донордың жатыры салынған әйел дені сау баланы өмірге әкелді

Бразилиялық дәрігерлер өзгенің жатыры салынған әйелдің дені сау баланы өмірге әкелгенін айтты.

Әйел дені сау қыз баланы босанды. Оған 10 сағат бойы марқұм донордың жатырын салынған еді. Ота Сан-Паулуда 2016 жылы жасалды.

Медицина тарихында 39 сәтті ота жасалды. Оны бәрінде тірі донорлардың жатыры өзгеге ауыстырылды. Көбіне аналары қызына жатырын салуға келіскен. Соның нәтижесінде 11 бала өмірге келді.

32 жастағы науқастың жатыры жетілмей туған. Оған үш баланы анасы донор болды. Донор бас миының қан айналымының дұрыс болмауынан көз жұмған.

Ал, жатыр салынған әйелдің аналық жұмыртқасы, жатыры мен жыныстық мүшесі дамымаған. Дәрігерлер оның аналық жұмыртқасын алып, суыққа қатырып қояды.

Науқас ағзасы жатырға үйрену үшін дәрілер қабылдайды. Алты айдан соң етеккірі келе бастайды. Жеті айдан соң ЭКО жасалады.

Нәтижесінде 2017 жылдың 15 желтоқанда салмағы 2,5 келі болатын дені сау бала өміре келді.

“Тірі донорлардың жатырын ауыстыру медицинада серпіліс болды. Бұл көп әйелдің бала сүюіне мүмкіндік берді. Бірақ ондай донорларды табу қиын. Әдетте туыстары донор болады”, – дейді дәрігер Дани Айзенберг.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар