Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілісте Қазақстан олимпиада құрамасының спорттық формасы таныстырылды

18 сәуірде мәжілісте әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттарына Қазақстан олимпиада құрамасының спорттық формасы көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол бірнеше жиынтықтан тұрады.

Олимпиада ойындарындағы Қазақстан ту ұстаушыларының киім үлгісі мынадай:
 

Боксшы Асланбек Шымбергеновтің формасы

Спортшы Надежда Дубовицкаяның формасы

Бұл киімге ерлер үшін бөрік және қыздар үшін сәукеле қосылады.

"Байқауға 15 ұйым қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Соңында осы киім үлгісі таңдалды”, –  деді Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің өкілі.

Сондай-ақ шеруге шыққан кезде киетін киім үлгісі көрсетілді.

Ұлттық нақышта жасалған бас киім мен диадема болады.

Сондай-ақ марапаттау рәсіміне арналған киімдер де болады.

Сонымен қатар спортшыларға жаттығу үшін Испанияда жасалған 15 спорттық киім беріледі.

2024 жылғы 12 сәуірде Парижде өтетін олимпиадаға Қазақстан құрамасының салтанатты және спорттық олимпиадалық киімдері мен жабдықтары жиынтығының дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге жаңа конкурс жарияланған еді.

Талқылау