Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыпты лотерея билетін қолдан жасап, бір миллион доллар алмақ болған

АҚШ-тың Флорида штатында тұратын ерлі-зайыпты жалған лотерея билетін пайдаланып, бір миллион доллар (шамамен 94 миллион рубль) алмақ болғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

36 жастағы Кира Эндерс пен оның серіктесі 32 жастағы Дакота Джонс наурыз айының басында Флорида лотереясының жеңімпаздары деп жарияланды. Алайда ұтыс ойынын ұйымдастырушылар олардың билетінің екі бөліктен желімделгенін бірден байқаған. Атап айтқанда, ондағы реттік нөмірлер мен артқы жағындағы мәтін сәйкес келмеген.  Алайда ерлі-зайыптылар билеттің шынайы екенін айтып, "ұтыстарын талап етіп" лотерея кеңсесіне келген. Оларды полиция қызметкерлері сол жерде ұстады. Эндерс пен Джонс билеттің шынайы екенін дәлелдеуге тырысқанымен, сөздері бір жерден шықпады.

Әйел "билетті көлігінен түсіріп, жаңбыр суына тигізіп алғанын" айтты. Одан  кейін ол қорғаныс қабатын сүртуге тырысып,  алдымен билетті жыртып алмас үшін бір-біріне скотчпен жабыстырғанын айтты. Оған билеттің екі бөлігі сәйкес келмейтінін көрсеткенде, ол басып шығару кезінде қателескен болуы керек деп болжады. Ал Джонстан жауап алу кезінде Эндерс екеуі серуендеп жүріп жаңбыр суына малынған және жыртылған билет тауып алғанын және оны желімдеу туралы шешім қабылдағанын айтты.

Ақырында, ерлі-зайыптыға жалған лотерея билеті арқылы алаяқтық жасады деген айып тағылды. 

"Миллион доллар алғың келсе, көбірек тырысу керек. Бірақ сіздер жеңімпаз емес, алаяқсыздар", – деді Флорида полициясының өкілі.

Талқылау