Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған – Адвокат

Әйелін азаптап өтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың телефонындағы видеоларда марқұм Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тікелей эфирден скриншот

Сот отырысындағы жарыссөзде зардап шеккен тараптың адвокаты Дамир Ишмаметов Бишімбаев телефонындағы видеоларға назар аударуды сұрады.

"Барлық видеода ол Нүкенованың некеде тұрған ер адаммен жыныстық қатынаста болғанын мойындауға мәжбүрлеген. 8-9 қарашадағы қылмысты дәлелдейтін бірқатар дәлелдер келтірілді. Бишімбаев 20 минуттан астам уақытта 175 рет "Сен Баталовпен жыныстық қарым-қатынасқа түстің бе, мойында” деген. Осы сөзді 175 рет бір сарында сұрай береді", – деп атап өтті адвокат.

Қорғаушының айтуынша, видеоны түсіріп тұрып, арасында Бишімбаев Нүкеноваға дене жарақатын салып мойындатқызған.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаевтың қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы тірілтіп алмақ болған әрекетіне пікір білдіргені туралы жазған едік.  Сондай-ақ жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтың жүрегі жоқ адам екенін баса айтты. 

Талқылау