Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде қазақстандық жас химик өзіне қол жұмсады: СІМ мән-жайды айтты

Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің 5-курсында оқып жатқан қазақстандық Темірлан Кәрібаевтың өлімі ресми түрде расталды. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қайғылы жағдайдың мән-жайын айтып берді.

Мәскеуде қазақстандық жас химик өзіне қол жұмсады: СІМ мән-жайды айтты

Сурет: Mash

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Айбек Смадияровтың сөзінше, қазақстандық студенттің денесі 25 ақпанда сағат 18:00 шамасында жатақханадан табылған.

«Тергеу нұсқасы бойынша, студент денесі табылғаннан 10-12 сағат бұрын көз жұмған», – дейді СІМ-нің ресми өкілі.

23 жастағы жігіттің өліміне байланысты Никулин аудандықаралық тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігінен істі айрықша бақылауға алуды сұрады», – дейді Смадияров.

Бүгінгі таңда марқұм студенттің ата-анасы Мәскеуде. Тиісті тексерулер мен сот-медициналық сарапатама жасалғаннан кейін оның денесі туыстарына беріледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәскеуде қазақстандық жас химиктің асылып қалып көз жұмғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау