Мәскеуде дүкен қожайыны қазақстандықтарды құлдықта ұстаған (видео)

Жұма, 13 Мамыр , 2016 13:41

Мәскеудің Гольяново ауданында құлдық шаруашылықтың белең алғанынан 20 жылдан асқан. Алайда оларға қарсы құқық қорғау органдары еш шара қолданбайды екен.

авы

Бұл туралы Новая Газета хабарлайды.

Жанар Мырзахметова Мәскеуге ұлы Нұрсұлтанды құлдықтан босатып алу үшін келген. Ол ұлы жүрген дүкен жанында бірнеше күн өткізген. Ақырында “Альтернатива” қозғалысының еріктілерімен бірге босатып алуға қатысқан. Нұрсұлтанды ұстап алып, қатты ұрып құлдықта ұстағанын оның інісі туыстарына жеткізген.

ссс

Жанарды дүкенде қожайын Рашид. М қарсы алып, онымен сөйлескен. Бұл кезде жандарына Нұрсұлтан да келген, бірақ, ол танымайтын адам секілді үнсіз тұрып, кейін қайта дүкен ішіне кіріп кеткен. Жанар ұлын қанша шақырса да дүкеннен шықпай қойған. Анасы ұлының қатты қорқып қалғанына сенімді.

Сосын іске бірнеше жылдан бері адамдарды құлдықтан арашалауға қатысып жүрген “Альтернатива” қозғалысы араласқан. Онда Жанардың көз жасын көрген адамдар хабарласып айтыпты. “Уақыт өте шектеулі. Құтқару керек. Жергілікті полиция бізді ұнатпайды. Себебі, біздің ісімізден соң оларды тексеру басталады”, – дейді қозғалыс көшбасшысы Олег Мельников.

2002 жылы Уральск көшесіндегі дүкеннің жертөлесінде адамдарды құлдықта ұстаған Шолпан Истанбекова есімді қожайын сотталады. Алайда 2003 жылы президенттің кешірім беру бұйрығына ілініп кетіп босап шығады. Ал 2012 жылы 30 қазанда “Продукты” дүкенінен көрші елдерден келген 11 адам босатылған.

рпа

Оң жақтағы дүкен иесі Рашид.

“Нұрсұлтанды да ұстап отырған сол Шолпанның әпкесі. Олар барлығы бір отбасы”, – дейді Олег Мельников.

1 мамыр күні 12 сағат шамасында Олег Мельников 4 қызметкер және журналистермен бірге Уральск көшесіндегі дүкенге кіріп келіп Нұрсұлтанды сұрайды. Ал олар танымайтынын, білмейтінін айтқан. Алайда қозғалыстың қызуқанды жігіттері жолды бөгеп тұрғандарды ысырып тастап, қосалқы бөлмеге кіріп барады. Бірақ, онда Нұрсұлтан болмай шығады. Сәл кештеу ішке дүкен қожайыны да келген. Ақыры іске полиция, еріктілер араласып жүріп, Нұрсұлтанды босататын болады. Десе де дүкен өкілдері “Оны ешкім күштеп ұстаған жоқ. Ол Қазақстанда бандиттерге қарыз болып қалған. Қайта ол сол ақшаны өтеу үшін жұмыс жасады. Қайда кетем десе де өз еркі”, – дейді.

пав

Кешкі сағат 7 -де дүкен қожайыны Нұрсұлтанның орнында жоқ екенін, ол бірер күн бұрын біреудің сөмкесін ұрлап енді жасырынып жүрген болуы мүмкін екенін айтқан. Полиция да істі жүргізуге құлықсыздық танытқан. Нәтижесінде Нұрсұлтанның қайда екені әлі белгісіз.

пмас

Жоғалып кеткен Нұрсұлтан.

Дүкенде құлдықта болған өзге қазақстандық Гүлнараның да көрген күні адам аярлық болған. Небәрі 2-4 сағат ғана ұйықтап, әрбір ұсақ-түйек үшін таяқ жеген. Дүкен иелері Рашид пен Жанар оларды камера арқылы бақылап, тегін жұмыс істетіп, аяусыз ұрып-соққан. Бірнеше рет қашық шыққысы келсе де ұсталып қалармын деп қорыққан.

“Мен құлдықта 6 жылды өткіздім. 2007 жылдан 2013 жылға дейін. Мен тек дүкеннен әпкем қашып кеткен соң екі жылдан соң ғана шыға алдым”, – дейді Гүлнара.

тим

Гүлнара. 2016 жыл.

2013 жылы Шымкентке келген ол полицияға “Сана Сизим” ұйымы арқылы шағым білдіреді. Ол ұйым да адамдарды құлдықтан босатуға атсалысады екен. 2014 жылы Рашид пен Жанардың Қазақстанда іздеуде жүргені хабарланған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар