Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында көлік аялдамаға шығып кетті. 3 адам көз жұмып, жетеуі зардап шекті

Жаңаөзенде жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 адам көз жұмып, тағы жетеуі зардап шекті.

Маңғыстау облысында көлік аялдамаға шығып кетті. 3 адам көз жұмып, жетеуі зардап шекті

Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 1 қарашада Жаңаөзендегі «Мерей» ықшам ауданында орын алған. Белгілісі, адамдар аялдамада қызметтік автобусты күтіп тұрған. Осы кезде Toyota Land Cruser жол талғамайтын көлігі адамдар тобын қағып кетеді. Жүргізуші басқа автокөлікпен соқтығысудан қашпақ болып, рульді басқара алмай қалған екен.

Апат салдарынан жалпы саны 10 адам зардап шеккен. Олардың екеуі оқиға орнында мерт болды. Ал тағы біреуі алған жарақатының салдарынан біраз уақыттан кейін көз жұмды.

«Шамамен сағат 07:40-та Жаңаөзен ауруханасының қабылдау бөліміне 1 адам түрлі жарақатпен жеткізілді. Олардың бесеуі ауруханада жатыр. Біреуі емханада емделуге жіберілді. Тағы бір пациент ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыру үшін қолдан келгенін жасауда», – дейді Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Сәрсенбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау