Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында алтын ұрлаумен айналысқан ұрылар қолға түсті

Маңғыстау облысында тек алтын бұйымдарды ұрлаумен айналысқан кезбе-ұрылар қолға түсті. Қызылорда облысынан келген баукеспелер үйлерге терезеден оп-оңай кіріп отырған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

W020140519363636874663

Сурет kazakcnr.com

“Осы тұстан ломды салып, майыстырып, осы жерден сындырып, жоғары көтеріп майыстырып, терезенің сеткасын алып жерге тастадым да әрмен форточкасын аштық” – деп мойындады олар.

Гастролерлер ылғи жер үйлерді тонапты. Форт-Шевченко, Жаңаөзен, Жетібай, Құрық, Шетпе кенттерінен 27 үйдің мүлкін үптеп кеткен. Үш ұры алдымен ауылдарды аралап жүріп, ауқатты дегендерінің есігін қағып көрген. Үйде ешкім болмаған соң терезеден кіріп ақша, алтын бұйымдарын алып шығыпты. Сөйтіп зергерлік заттарды Ақтаудағы орталық базарда сатқан.

Әлі өткізіп үлгермегендерін полиция тәркіледі. Небәрі жарты айдың ішінде кезбе-ұрылар 15 миллион теңгенің заттарын қолды еткен. Тінту барысында 2 миллион теңге мен Канада доллары табылды. Қазір оңай олжаға кенелмек болған үшеу тергеу абақтысында отыр.

Талқылау