Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Малайзияда Кесікбаевтың қайын атасы ақша жымқырды деп айыпталуда

Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакқа Куала-Лумпур соты жаңа айып тақты.

Оған заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатады, терроризмді қаржыландырумен күресуге және заңсыз алынған ақшаны жинауға қатысты деген  жаңа айып тағылды.

Айыптауға үш ірі банктік аударым себеп. Бұрынғы премьер 1MDB инвестициялық қорынан SRC International мемлекеттік корпорация арқылы банктік есепшоттан ірі көлемде ақша алған.

Куала-Лумпурдің сот алқасы айыпталушыдан кінәсін мойындауды сұраған жоқ. Істі Разактың ісін қарап жатқан Жоғарғы сотқа беруге рұқсат етті.

Разакқа 4 шілде күні үш эпизод бойынша айып тақты. Ол сенімді ақтамады, лауазымын пайдаланып 1MDB қорынан банктік есепшотына ірі көлемде ақша аударды деп айыпталды.

Экс-премьер қамауға алынып, кейін уақыт босатылды. 9 мамырдағы парламенттік сайлауларда Нажиб Разак басқарған билеуші коалицияны жеңудің басты факторы – бұрынғы премьер-министр құрған және басқарған 1MDB қорын құрайтын сыбайлас жемқорлық шиеленісі болды.

Малайзияның жаңа премьер-министрі 92 жастағы оппозиия көшбасышысы Махатхир Мохамад болды. Ол бұл қызметте 1981-2003 жылдар аралығында болған.

Данияр Кесікбаевтың қайын атасының резиденциясынан 30 млн доллар тапты.

Наджиб Разактың қызы Нуриана Наджва қазақстандық Данияр Кесікбаевқа тұрмысқа шыққан.  Олардың тойы 2015 жылы Куала-Лумпурде дүркіреп өтті. Тамыз айында Адам есімді тұңғышы өмірге келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау