Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко Владимир Путинді Дмитрий Анатольевич деп атады (видео)

Белорусия президенті Александр Лукашенко Минскіде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесудегі жаңсақтығы үшін ақталды. Ол Путинді Ресейдің премьер-министрі Медведевтің аты-жөнімен “Дмитрий Анатольевич” деп атаған.

5b756cf02ebd955f

Сурет facenews.ua

“Құрметті Дмитрий Анатольевич… – деп сөзін бастаған Александр Лукашенко өз қатесін дереу түсіне қойып, – көрдіңіз бе, мен сізге айттым ғой, – деп іле-шала сөз ауанын бұрып әкетті. РФ президенті Путин де бұған әзілмен жауап қатып, “ақшаның негізінен үкіметте” екенін меңзеп тұрсыз ғой деген сыңай танытқан. – Жоқ, ол себепті емес, – деп жауап қайырды Лукашенко.

Лукашенко осының алдында ғана Ресей делегациясының құрамында болған, сол уақытта кеңейтілген құраммен бірге залда отырған Дмитрий Медведевпен рецепт туралы әңгіме қозғалғанын айтып ақталды.

Кездесуден соң Лукашенко Путиннің келуін ұзақ күткенін айтты. Минскіге аяқ басқанына қуанышты екенін білдірген Ресей президенті де, Еуразиялық Одақ елдері өзара ынтымақтастықпен жақсы даму жолында келе жатқанын жеткізді.

Талқылау