Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондон орталығында белгісіз біреу адамдарға пышақ алып жүгірді: қаза тапқандар бар

Белгісіз біреу Лондонның орталық бөлігіндегі көшедегілерге пышақ ала жүгірді, бір адам қайтыс болып, бес адам жараланды.

1472563620

Фото: РИА Новости

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Оқиға орнынан жарақат алған алты адамды анықталды”, – делінген полиция хабарламасында. Жараланған бір әйел сол жерде көз жұмды.

Оқиға Рассел-скверде жергілікті уақытпен 22:30-да болған. Зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы анықталуда. Шабуылшы ұсталды, тергеудің бұл кезеңінде полиция оқиғаның терроризммен қатысы бар болуы мүмкін деп санайды.

Талқылау