Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Локомотив” ойыншысы Стамбұлда Путиннің суреті басылған футболка киіп шықты

Ресейлік “Локомотив” футбол клубының жартылай қорғаушысы Дмитрий Тарасов “Фенербахчеге” қарсы ойында Путиннің суреті басылған футболка киген.

Turkey Russia Soccer Europa League

Сурет rg.ru сайтынан алынды

Қос команда Европа Лигасының 1/16 кезеңі аясында Стамбұлда кездескен болатын. Матч соңында ол “Ең сыпайы адам” деген жазуы бар Ресей президенті Путиннің суреті бар футболкасын көрсетіп, стадионнан шығып кеткен.

NO COMMENTS

Фото опубликовано tarasov23 (@tarasov23)

Спортшының айтуынша, ол осы әрекеті арқылы өз мемлекетінің басшысына қолдау білдіргісі келіпті.

Европа Лигасы аясында Стамбұлға қонаққа барған “Локомотив” 2:0 есебімен ұтылып қалды. Екі голды да түркиялық клубтың капитаны Жосеф Соуза соқты.

Матч алдында “Фенербахче” жанкүйерлері мәскеулік “Локомотив” футболшылары мінген автобусқа тас лақтырып, олардың қолдаушыларына да мінез көрсеткен. Жауапты кездесу Мәскеуде 25 ақпан күні өтеді.

Талқылау