Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лионель Месси Аргентина құрамасынан кететінін мәлімдеді

Футболдан «Барселона» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Америка Кубогының финалында чилиліктерден екінші рет жеңілгеннен кейін бұдан былай ұлттық команда үшін ойынға шықпайтынын мәлімдеді.

gettyimages-483657752Сурет: www.metronews.ru 

Бұл туралы 27 маусымда спорт тілшісі Сэм Келли өзінің Twitter парақшасында хабарлады. «Мен бұл шешімді өзім үшін және осыны қалайтын көптеген адамдар үшін қабылдадым. Мұндай қадамға бару оңайға соқпады, алайда мен оны өзгертпеймін», – деді Месси өз сөзінде.

26 маусым күні Чили құрамасы матчтан кейінгі пенальти сериясында аргентиналықтарды екінші рет жеңді. АҚШ-тың Нью-Джерси қаласындағы «Метлайф» стадионында өткен финал матчының негізгі уақыты мен қосымша таймдары 0:0 есебімен аяқталды. Матчтан кейінгі пенальти чилиліктердің пайдасына 2:4 есебімен аяқталды.

Месси мен Лукаса Бильидің әбестіктері аргентиналықтар үшін сәтсіз болды. Шешуші 11 метрлік голды Чили құрамасының футболшысы Франсиско Сильва соқты.

Жіберіп алмаңыз:

Бельгиядан ұтылған Венгрия футболшылары жанкүйерлерімен қоштасты

Футболдан Португалия құрамасы Хорватияны санаулы соңғы минуттар қалғанда ұтып кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Исландия комментаторы топтың жеңісіне ерекше қуанып, эфирде шыңғырды (видео)

Талқылау