Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лимузиннің орнына ат, қолында бүркіт, құмай тазы: Жаңаөзенде ерекше беташар өтті (видео)

Маңғыстау облысында ерекше беташар өтіп, күйеу жігіт қалыңдықты лимузиннің орнына атпен, қолына бүркіт ұстап алып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: видеодан скриншот

Басылымның мәліметі бойынша, беташар Жаңаөзен қаласында өткен.

Күйеу жігіт Бауыржан ата-баба салтына сай қалыңдықты жаңа туыстарымен таныстыру рәсімін дәстүрге сай өткізуді ұйғарған.

“Лимузиннің орнына ат, қолында бүркіт, құмай тазы. Осылайша, мұнай саласында еңбек етіп жүрген Бауыржан дәстүрді жаңартып, тың серпін беруге тырысқан”, – деп жазды басылым. 

Айта кетейік, Бауыржанның болашақ жары, Ақшұқыр ауылының қызы Сехер де қазақы нақыштағы той көйлегін киіп, атқа отырды.

“Қазақилықтың исі үнемі осы Маңғаз Маңғыстаулықтардан шығып тұрады, керемет”, “бастама керемет, қазағымыз ана тілімен, салт-дәстүрімен – қазақ. Жарайсыздар қос қолдап қолдаймын”, “қайта-қайта көргім келді, жарайсыздар”, “жастар бақытты болсын” деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін Маңғыстау облысы Құрық ауылында эвакуацияланғандар бесікке салу рәсімін өткізгенін жаздық. Сәби Атырау облысында су тасқынынан бір-екі күн бұрын дүниеге келген. Ата-анасы көрші облыстағы колледждердің біріне эвакуацияланды. 

 

Талқылау