Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә: «Жұлдыздарды» жеке өмірі үшін көрермені сынаса, олар түзеледі

Жеке өмірімізді жасыра алмайтын жағдайға жетік..! Бұл әлеуметтік желілердің дәурені жүрген замандағы жұлдыздардың жан-айқайы.

Әр сәтті инста-парақшасына салып, оқырмандарына есеп беретін танымалдар, көпшілік шығармашылықтан гөрі, жеке басымыздағы жаңалықтарға құмарлық танытуда деп отыр.

 Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген отандық шоу-бизнестің бикештері, бүгінгі тыңдарманның бет-бейнесін былайша сипаттап берді.

«Халық менің жеке өміріме қатысты жиі сұрақтар қояды. Ұлым Әнуарды және жолдасыма қатысты сауалдар жиі жолданады. «Неге жолдасыңыз Олжас теледидарға шықпайды, неге сіз инстаграмға көп салмаймыз» деп. Бірақ, менің ойымша сен әнші болғаннан кейін, сенің әніңді күту керек, өнер адамының шығармашылығы қызық болуы керек», – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Әншілер арасындағы қызу пікірталасқа Зарина Омарованың да өзіндік айтары бар. Әншінің пайымдауынша, жеке өмірін жасырған жұлдыздардың отбасында міні бар.

«Негізі жеке өмірде ешбір мін болмаса, неге халыққа көрсетпеске. Мен үшін ең бастысы шындықты ел білсе. Сен халықтан неғұрлым шындықты жасырмайтын болсаң, сахнада да солай болуың керек. Теледидарда да өмірде қандайсың, солай болып көрінген дұрыс», – дейді Зарина Омарова.

Бірақ, бұл пікірмен Алтынай Жорабаева келіспейді. Кейінгі кездері жеке өмірі қызу талқыға түскен әнші, соңғы уақытта әлеуметтік желілерге жанұядағы барлық жағдайдың былығын жария қылмау керектігін түсінген.

«Біз өнер адамдары сезімтал келеміз ғой. Соның өзінде мен желіге жеке өмірімдегі жаңалықтардың барлығын жайып салмауға тырысып отырамын. Егер өмірімдегі барлық жағдайлардан халық хабардар болып отырса ол болмайды. Халық менімен бірге түңіліп кетуі мүмкін ғой мысалға. Ол өмір болғаннан кейін, ақ пен қарасы болады», – дейді Алтынай Жорабаева.

Ал, Ләйлә Сұлтанқызы жұлдыздармен жиі жүздесіп, олардың жеке өміріндегі құпияларын ашады және сұхбатында танымалдар оған сырларын ақтарады. Журналист ханымның бұл тақырыпқа қатысты айтары бар. Ол әншілер қауымына дәл осылай дабыл қағудың қажеті жоқтығын айтады. Танымал тележүргізушінің сөзінше, халықтың өткір сыны, жұлдыздардың жақсы жаққа қарай бағыт алуына мол септігін тигізеді деп отыр.

«Бұл әлемде болып жатқан құбылыс қой. Оған ренжудің қажеті жоқ. Бірақ, жұлдыздардың жеке өміріне қызығушылық танытқан оқырмандардың бұл қадамы, біздің өнер адамдарының жиналып жүруіне, дұрыс жүруіне әсер етеді. Ол біздің әншілердің намысына тиетін немесе дұрыс емс тенденция деп қабылдауға болмайды. Бірақ, жағымсыз пікір жазып, тым асыра сілтеп, шектен шығуға да болмайды», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Оқи отырыңыз:

Бағым Мұхитденова “КешYou” тобының жүлдесіз қалғанына ренжіп қалды

Ашық-шашық киінген Жолдыбаева Мақпал Жүнісованың қаһарына ұшырады (фото)

Қобызшы қыздардан құралған “Асыл” тобы күтпеген жаңалықпен қуантты

Алагөзовамын: Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықты (фото)

 

 

 

Талқылау