Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миын улаған": Нұрболхан Шәріпов министрдің "Өз ойымға" қатысты жауабын ұнатпай қалды

«Өз ойым» бағдарламасын жабу туралы министр Дәурен Абаев өз ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрболхан

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Нұрболхан Шәріпов «Өз ойым» бағдарламасын жабу туралы министірлікке хат жазғанын айтқан болатын. Бүгін ол министр Дәурен Абаевтың жауабын желіге жариялап, бағдарламаны тағы да сынның астына алды.

«Министрдiң жауабы! (Екiншi фотода) Балаларға қарсы бiр терiс контент болса ғана қолға аламыз деп отыр. Сонда, гей, трансвестит, жезөкшелер, қыздығын сататын нәрселердi насихаттау, соларға жарнама жасау бала психологиясына қарсы терiс контент емес пе?! Сөз жоқ!», - деп өкінішін білдірді.

Абаевтың жауабына қанағаттанбаған әзілкеш бағдарламаның авторлары өзінен бұрын министрлікке жүгініп үлгерген болуы керек деп болжам жасады. «Өз ойым» бағдарламасының әлі де болса халықтың санасын улап, психологияға әсер етіп жатқанына кедергі болғаны үшін кешірім сұраймын деді ол.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Nurbol Khan (@nurbolkhan)

«Бұған дейiн 7 арна басшылығы мен бағдарлама авторларымен келiссөздер болған дейдi. Демек, шу шыққаннан кейiн арсыз бағдарламаның жауаптылары қатты қорқып, менен бұрын министрмен кездесiп миын басқаша улаған боп тұр ғой. Бiраз тыпыршытқан сияқтымын ғой. Жылы төсектерiңнен тұрғызғаным үшiн кешiрiм сұраймын!» - дейді Нұрболхан Шәріпов.

 

Талқылау