Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танысбай: Қазақ сериалының бір бөлімі 25 мың доллар, үнді сериалының бір сериясы 350 доллар тұрады

Үнді сериалдары қазақ сериалдарынан анағұрлым арзан. Сондықтан да отандық телеарналар үнді сериалын көрсетуге мәжбүр. Бұл туралы  “Нұр Отан” партиясы жанындағы БАҚ өкілдерімен  қарым-қатынас жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында “Астана” телеарнасының бас директоры Лəззат Танысбай мəлім етті.

tanysbai

Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Бүгін “Нұр Отан” партиясы жанындағы БАҚ өкілдерімен  қарым-қатынас жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың төрағылығымен өткен болатын. Жиын барысында Ләззат Танысбай жекеменшік телеарналардың тек жарнаманың есебінен күн көретінін айтып өтті. Ал жарнама берушілер рейтингі жоғары болған бадарламаларға жарнама бергісі келеді. Сондықтан да телеарналардың топ менеджерлері осы үнді сериалдарын ұнатпаса да көрсетуге мәжбүр. Қазіргі кезде әлеуметтік желі қолданушылары үнді телеарналарын «үнді сериалдарын көп береді» деп жиі сынға алады. Ал Ләззат Танысбайдың айтуынша, «рейтинг жарнамаға жол ашады». «Сол жарнамадан түскен қаражаттан мен қоластымдағы қызметкерлерге жалақы төлеймін. Телеарналардың топ менеджерлері осы рейтингтің құлы болып отырмыз, оны мойындаймын”, – дейді “Астана” телеарнасының бас директоры.

Дегенмен, Л.Танысбайдың айтуынша, қазақ телесериалдары да қажетті рейтингті жинай алады. Биыл түсірілген екі қазақ сериалдары да ең жоғары рейтингке ие болған. Яғни, көрермендер отандық сериалды көруге өте ынталы. Алайда, үнді сериалдары қазақ сериалынан қарағанда анағұрлым арзан. «Бірақ, мəселе мұнда – біз Қазақстанның телесериалын түсіру үшін бір сериясына 20-25  мың доллар жұмсаймыз. Ал үнді сериалының бір сериясын 350 долларға  сатып аламыз», – деді Л.Танысбай.

Ақпарат жəне байланыс комитеті биыл отандық телеарналарға 15 телесериал түсіру үшін мемлекеттік  тапсырыс берген екен.

“Екіншіден, заң бойынша  біздің сала таңғы сағат 06.00-ден кешкі сағат 22.00-ге дейін зорлық-зомбылықты насихаттайтын өнімдерді көрсетуге қақымыз жоқ. Біз сияқты телеарналар бұл заңды орындайды. Орындамайтын да телеарналар бар. Қазақ тілінде шығарылатын өнімдер 50%-дан төмен болмауы керек. Бұл заңды да орындамай отырған арналар бар. Сондықтан, мемлекеттік орган заңды бұзған арналарды жазаламайынша, бұл құбылыс жалғаса береді”, – деп түйіндеді  Л.Танысбай.

 

 

Талқылау