Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызын фитнеспен айналысуға қинап мәжбүрлеген британиялық түрмеге жабылды

Британиядағы Шеффилд соты құрбы қызын фитнеспен айналысып, диета сақтауға қинап мәжбүрлеген ер адамды соттады. Ол 16 жыл арқалады.

pic_aa6cd91adba9d80b052094d7a087101b

 

Сурет South Yorkshire Police

Мұхаммед Ануар өзінің жүретін қызы Джемаа Доэртиге эмоциялық қысым жасағаны үшін айыпталды. Ол қызының жаттығулар жасап, жүгіріп, аз тамақ жеп, диетаға отыруын қатаң қадағалаған. Ол қызы үшін тіпті киімді де өзі таңдап береді екен.

30 жастағы Дэрти Ануардың оған сұлулық белгісі боп сипатталатын әйелдердің суретін көрсетіп, оның да сондай болуы керектігін талап еткенін айтқан. Жігіттің талабы бойынша қыз 500 килокалорияны құрту үшін жүгіру жолағында тер төгуі керек болған.

“Бірде мен 425-ке келіп тоқтап қалдым, өйткені ол ұйықтап қалған. Бірақ оянғаннан кейін мені қайтадан жүгіртіп қойды”, – дейді әйел. Жігіт әйелді бір жыл бұрын қинап фитнеспен айналыстыра бастаған. Ол сондай-ақ, жігітінің жиі қол көтеретінін де айтты.

Талқылау