Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылжарда жігіттер бауырсақ жеп жарысты

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Петровал қаласының тұрғындары үшін ас та төк дастархан жайылды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орталық алаңға ұзындығы 25 метр үстел қойылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

8

Сурет ehistory.kazakh.ru

Дастарханның үстін өңірді мекендеген әр ұлт өз тағамдарымен жайнатты. СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов аралап шыққаннан кейін, ас иелері үстелдегі дәмнің бәрін келген жұртқа тегін таратты. Әсіресе, теріскей жұрты үшін таңсық нағыз өзбек палауына кезекке тұрғандардың қарасы көп.

Ал орталық алаңға шыққан жігіттер бауырсақ жеп жарысты. Ас атасын жылдам жеп бітіру ешкімге оңай тиген жоқ. Ұйымдастырушылар оларды құр қол қайтармады. Сайыстың қызғаны сонша, оған қажетті бауырсақтар тура орталық алаңда пісірілді.

Талқылау