Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылжар аялдамаларында ақша самсап тұр

Қызылжардағы аялдамаларда тұрған 5, 10, 20 теңгелік монеталар желімделген қағаздарды жолақыға қаражаты жетпегендер ала алады. Көбісі ыңғайсызданғанымен, кешқұрым ақшадан бәрібір түк қалмайды екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

ммм

Бұл шараны ұйымдастырған еріктілер өздерін жарнамалаудан аулақпыз дейді. Олар күніне 200-300 теңгені қағазға желімдеп, шаһардың әр бұрышындағы аялдамаларға жапсырады екен. Ондағысы қаңғыбастарды бір жерге дәніктірмеу. Өздерінің бұл әрекеттерін олар қайырымдылық санамайды, тек қазіргі қиын заманда халыққа көмегі тисе болғаны деген пікірде. Айта кетсек, қазір Қызылжарда мұнда жол жүру құны 65 теңге.

“Cтуденттерге, оқушыларға, зейнеткерлерге жолақыға ақша жетпей қалатын кездер болады. Өзім де кейде 10-15 теңгеге мұқтаж болып қаламын. Бұл қаржыны тек кедейлерге арналған деп қарамау керек, тұрғындардың бәріне алуға болады”, – дейді ерікті Бауыржан Мұстафин.

Талқылау