Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жоғалған оқушы қыз табылды

Қызылорда полицейлері осыдан бірнеше күні бұрын жоғалған 16 жастағы оқушы қызды тапты.

qzC2-vRAGX4-1

 

Бұл туралы Қызылорда облысының ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

Оқиға 19 сәуір күні Шиелі ауданында болған. Полиция бөліміне 11-сынып оқушысының жоғалғаны жөнінде ақпарат түскен. Арызданушылардың айтуынша, оқушы қыз отбасындағы үлкендерге ешнәрсе ескертпестен үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Іздеу нәтижесінде жоғалған қыз бейсенбі күні Қызылорда қаласының әуежай маңындағы ауданда тұратын танысының үйінен табылған.

Полицейлер қазір оның жағдайы жақсы екенін, қыздың ата-анасына табысталғанын айтады. Кәмілет жасқа толмаған қыздың жоғалу себептері анықталып жатыр.

Талқылау