Қытайда шыңырау құзға салынған шыны көпірдің беріктігін зілбалғамен ұрып сынап көрді (видео)

Бейсенбі, 16 Маусым , 2016 9:23

Қытайдың Хунань провинциясындағы Чжанцзяцзе ұлттық саябағында шілде айында кезекті тау шыңына салынған шыны көпірдің ашылу салтанаты болуы тиіс.

stekl_most1

Сурет stroi.mos.ru

Биік құздың ортасына салынған әйнек көпірдің ұзындығы 430 метрді құраса, шатқалдағы биіктігі 300 метрге жетеді. Құрылысшылар бұл көпірмен бір сәтте 800 адам жүре алады дейді. Сонымен қатар, инженерлік тұрғыда әлемдік рекордтардың өзін шаң қаптыруға әлеуетті. Өйткені, бұл әлемдегі ең ұзын шыны көпір және салмақ ауырлығы тұрғысынан алдына ешкімді түсірмейді. Оның ерекшеліктері мұнымен бітпек емес: көпір магниттік, су және электрлік вибрация тұрақтылығын да сақтай алады.

Көпірдің қауіпсіздігін байқап көру үшін құрастырушы мамандар BBC тілшілеріне сынақ жүргіздіріп көрген. Тілшіге шыны көпірдің қосалқы бөлігін зілбалғамен ұрып, оның үстімен бар күшімен секіріп жүру ұсынылған.

Бар күшін салып ауыр темірмен ұрғылағанның өзінде тек беткі қабаты ғана шытынаған да, қалған бөлігіне титтей де зақым келмеген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар