Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 22 сәбиді сатқан еркек өлім жазасына кесілді

Қытайда 22 сәбиді сатты деп айыпталған ер адам өлтірілді. Тань Юнчжи өзінің сыбайластарымен бірге сәбилерді ұрлау және оларды сатумен айналысқан. Нәрестелерді елдің оңтүстік-батысында орналасқан Юньнань провинциясынан ұрлап, оларды Қытайдың орталығындағы Хэнань провинциясына апарып сатып отырған. 6FBAA9A6-76C6-4159-B2BA-52B3DFF819FD_w900_r1_s

 

Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

2008 жылдың ақпан айынан бастап 2013 жылдың сәуіріне дейін алаяқ Танның 22 сәби құрбаны болған. Айыптының барлық мүлкі тәркіленіп кетті. Ал оның сыбайластары түрмеге тоғытылды.

Қытайда бала сату пайдалы бизнес саналады. Ауылда тұратын кедей халық өздерінің балаларын сатуға мәжбүр болады. Осы арқылы олар өздерін кедейшіліктен құтқарып, салықтан босап шығуға талпынады. Ал сатып алушылар баласы жоқ бай отбасылар екен. Әдетте ер балалар сұранысқа ие. Олар 6 мың долларға дейін саудаланады екен. Ал қыздар әлдеқайда арзан.

2010 жылы Жоғары сот, Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі және прокуратураның біріге әрекет етуі нәтижесінде сәби саудасымен күрес жоспары құрылды. Осыдан кейін бұл сауда нарығы кәдімгідей саябырсыған. Егер 2012 жылы қытай сотында дәл осындай оқиғамен 1918 іс қаралса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 853-ке азайған.

Талқылау