Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай азаматы Қазақстан әнұранын жатқа орындап, көпшілікті таң қалдырды (видео)

Ғаламторда жарияланған қытай азаматының мұндай әрекеті қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Басқа ұлт менің елім деп әнұранды айтып тұрса, сен қандай сезімде боласың, ал мен қызғаныштан қарауға дәтім шыдамады”, – деп жазады видеомен бөлісушілердің бірі Мұса Мұхтар.

“Ол менің елім, менің жерім, туған елім, Қазақстаным деп тұр. Қазақ елін менің елім деп иемденіп тұрғандай… Мен де ұнатпадым… Көзімнің қарасын айтсын, еліміздің өнерін дəріптесе, əнұранымызды емес “, – деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Қазақстан әнұранын орындаған қытай азаматының әрекетіне ерсі көрмей, керісінше қолдаған жандар да табылып жатты.

Талқылау