Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырымбек Көшербаев ірі компаниялардан жаңа жылдық кештерді жасамауын өтінді

Қызылорда облысының ірі компаниялары әкімнің өтініші бойынша жаңа жылдық кештерді өткізбейтін болды. Олар кешке жұмсайтын қаржыны көп балалы отбасылар мен тұрмысы төмен отбасыларға беретін болды.

1381897423_kosherbaev

Биылғы жылы Қазақстандағы ірі мемлекеттік компаниялар дағдарысқа байланысты ұжымдық сауық кештерді өткізбейтін болып шешкен болатын.

«Жаңа жыл алдында бәрі Ресейден, Алматыдан, Астанадан әншілер шақырып, кеш өткізеді. Біз олардан мұндай кештерге жұмсалатын қаржыны көп балалы отбасылар мен тұрмысы төмен отбасыларға беруін сұрадық. Көптеген ірі компаниялардың басшылары бұған түсіністікпен қарап, өтінішімді қабыл алды. Бұл үшін бәріне ризашылығымды білдіремін», – деді Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникация қызметінің брифингінде.

«Сондай-ақ, ол мемлекеттік қордан жаңа жылдық шырша алуға ақша жұмсалмағанын айтты. Барлығы демеушілік қолдау арқылы жүзеге асты. Бұл жергілікті билік пен кәсіпкерлердің бірлесіп жұмыс істеуінің көрінісі», – деді облыс әкімі.

Талқылау